«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Заң департаментінің заңгері
Posted about 12 hours ago
Описание вакансии
Заңгер мынадай еңбек міндеттерін орындайды:
- жетекшілік ететін бағыттар бойынша Университет үшінші тұлғалармен жасасатын мәмілелерге (шарттарға, келісімдерге және т. б.) (үлгілік шарттар немесе келісудің оңайлатылған тәртібі бар шарттар болып табылатындарды, сондай-ақ тиісті шарттар негізінде Университет атынан басқа заңды тұлғалар жасасатын мәмілелерді қоспағанда) құқықтық сараптаманы және/немесе келісуді және/немесе сүйемелдеуді жүзеге асыру және қамтамасыз ету;
- жетекшілік ететін бағыттар бойынша Университеттің мүліктік және мүліктік емес құқықтарын, сондай-ақ заңды мүдделерін құқықтық қорғауды жүзеге асыру;
- Басқарушы кеңес, Қамқоршылық кеңес, Жоғары Қамқоршылық кеңес қарайтын ішкі нормативтік құжаттарға, сондай-ақ Жетекшілік ететін бағыттар бойынша Университеттің лауазымды тұлғалары бекітетін құжаттарға (Бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер жоқ құжаттарды қоспағанда) құқықтық сараптаманы жүзеге асыру / келісу;
- жетекшілік ететін бағыттары бойынша Университетке келісуге және сараптамаға ұсынылатын Университет қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері жобаларын қарау, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, Университеттің бейіндік құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп оларды әзірлеуге қатысу.
Требования к квалификации
Білімге қойылатын талаптар:
- Жоғары кәсіптік білім, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алғаны абзал;
- Құқық саласындағы бакалавр дәрежесі.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
- Мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл (магистр дәрежесі болса) немесе лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда (мүмкіндігінше халықаралық, шетелдік және/немесе ұлттық компанияларда) кемінде 3 жыл (бакалавр дәрежесі болса) болуы тиіс.
Міндеттерді орындау үшін қажетті арнайы білім:
- Университет қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын терең білу, қызметтің ерекшелігін және Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын білу.
Кәсіби дағдылар:
- Университеттің нормативтік-құқықтық актілерін талдау, шарттары мен ішкі нормативтік құжаттарын құқықтық сараптау және заңдық қорытындыларды дайындау дағдылары;
- Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және контрагенттермен Бөлімше ішінде бөлуге сәйкес кеңес беру және өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
- Параграф, Әділет ақпараттық-құқықтық жүйелерін, сондай-ақ MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын және ұйымдастыру техникасын сенімді меңгеру.
Қажетті құзыреттіліктер:
- Ұйымдастырушылық қабілеттер – жұмысты үйлестіру және өзара әрекеттесудің тиімді үдерістерін құру;
- Егжей-тегжейге назар аудару – қарастырылып отырған құжаттардың дұрыстығын және мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету;
- Коммуникациялық дағдылар – жұмыскерлермен, білім алушылармен, контрагенттермен және өзге де тұлғалармен тиімді өзара іс-қимыл жасау;
- Икемділік пен күйзеліске төзімділік – жоғары жүктеме мен өзгерістер жағдайында жұмыс істей білу.
Заң департаментінің заңгері Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының білім, ғылым және зияткерлік меншік салаларындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.
Дополнительная информация
Тілдерді білуге қойылатын талаптар:
- Лауазымдық міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін деңгейде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру.
Сонымен қатар, заңгер келесі мәселелер бойынша жауапты болып табылады:
- еңбек шартымен, осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттер мен функцияларды, сондай-ақ Университет Бөлімшесі басшысының және басшылығының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауға;
- қызметтік құжаттаманың сақталуына, құпия және қызметтік ақпараттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының, Университет Жарғысының және ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жариялауға жатпайтын таратылуы шектеулі ақпараттың жария етілуі мен таралып кетуіне жол бермеуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
- Университет белгілеген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен міндетті медициналық тексеруден өтуді қоса алғанда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға жауапты.
Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.
Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values
Other open roles at Nazarbayev University(6)
Jobr aggregates jobs directly from company career portals — no middlemen. Our team applies on your behalf with AI-tailored resumes, reviewed by a human before submission.